Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев: «Alatau City жобасына зор үміт артып отырмыз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өткен кеңесте Alatau City жобасының еліміз үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтып, жаңа қаланың Қазақстанның дамуына серпін беретін орталыққа айналуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа қала салу туралы шешім оңай қабылданбағанын және жоба жан-жақты сарапталғанын атап өтті.

«Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Alatau City жобасы ұзақ уақыт бойы мұқият зерттеліп, жан-жақты пысықталған.

«Alatau City жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемдік тәжірибеде жаңа қалалардың ел экономикасының дамуына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай жобалар мемлекеттердің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

«Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон және тағы бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім», – деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстан да Alatau City жобасы арқылы жаңа экономикалық өсім нүктесін қалыптастыруды көздейтінін айтты.

«Сол себепті біз де Alatau City жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде негізгі бағыттарға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Осы бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беруіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz