Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Alatau City үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте инвестициялық ахуалды жақсарту жаңа қаланы дамытудың басты басымдықтарының бірі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету қажеттігін атап өтті.

«Қазір алдымызда тұрған жұмыс – аса маңызды: инвесторларға барынша жайлы жағдай жасалуға тиіс және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі қажет. Ең алдымен халықаралық талаптардың қатаң сақталуына баса мән берген жөн», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық заңнамада қарастырылмаған мәселелер бойынша әлемдік озық тәжірибені кеңінен қолдану маңызды екенін айтты.

Оның сөзінше, Alatau City-ді халықаралық капитал үшін тартымды орталыққа айналдыру үшін мемлекеттік органдар батыл әрі жедел шешімдер қабылдауы қажет.

«Нағыз озық әрі жедел даму жолына түсеміз десек, бұл жұмысты міндетті түрде қолға алуымыз керек. Тиісті лауазымды тұлғалар ешкімнен қорықпай, батыл шешімдер қабылдауы керек. Бұл өтініш не кеңес емес, бұл – нақты тапсырма», – деді Мемлекет басшысы.

Президент арнайы құқықтық мәртебесі бар қалалар әлемдік капиталды тартуда белсенді әрекет етіп, бәсекелестікте алдыңғы қатардан көрінетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестицияларды қорғау, «бір терезе» қағидатын енгізу және мемлекеттік кепілдіктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екенін айтты.

«Шетел инвестициясын қорғау, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету, шарттардың ашықтығын және мемлекет ұсынатын кепілдіктердің бұлжымастығын қамтамасыз ету – негізгі мәселе, кезек күттірмейтін міндет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы инвестиция тарту үшін қолайлы орта қалыптастырып, тиімді экожүйе құру қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, Alatau City дамуының басым бағыттары ретінде ақпараттық технологиялар, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм, медицина және білім беру салалары айқындалған.

«Алдымен өзекті, яғни басымдыққа ие бағыттарға айрықша мән беру керек. IT, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм, медицина, білім беру салаларын дамыту өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Мамандар 10 маңызды кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында ҚАЖ қызметкері сауда үйіндегі өрттің алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында әйел сапасыз қызмет көрсеткен салонмен дауласты

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін жедел желі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
04.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz