Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Әрбір ірі қаланың нақты даму жоспары болуы тиіс

Бүгін, 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қалаларды дамыту, инфрақұрылымды цифрландыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазір өтіп жатқан Жолдауында ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттің тұрақты назарында екенін атап өтті. Сонымен қатар қалалардың ел экономикасын өркендетудегі рөліне ерекше мән берді.

«Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз. Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қалалардың дамуы өңірлердің экономикалық әлеуетін арттырып, тұтас мемлекеттің өркендеуіне ықпал етеді.

«Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеуді тапсырды. Бұл қалалық инфрақұрылымды жоспарлау мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қалалардың қауіпсіз, жайлы әрі көрікті болуын қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет екенін атап өтті.

«Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың қарқынды дамуы өңір экономикасының өсуіне және адами әлеуеттің артуына тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz