Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияға есе жіберді

Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

19.09.2022
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы D тобындағы соңғы матчын Дэвис кубогының он дүркін чемпионы Ұлыбританиямен өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық Дмитрий Попко «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, екі мәрте Олимпиада жеңімпазы Энди Маррейге 4:6, 3:6 есебімен есе жіберсе, Александр Бублик Кэмерон Норриді ұтты – 6:4, 6:3.

Жұптық бәсекеде Александр Недовесов пен Александр Бублик әлемнің бірінші және үшінші ракеткалары Джо Солсбери мен Нил Скупскиге қатты қарсылық көрсетті. Үш сет те тай-брейкпен аяқталып, соңғы сәтте ұлыбританиялықтар жеңісті жұлып алды – 6:7, 7:6, 6:7.

Топтық бәсеке барысында Бублик пен Недовесов әлемнің жұптық сындағы көшбасшылары, нидерландылықтар Колхоф (4 ATP) пен Мидделкопты, сондай-ақ америкалықтар Рам (2 АТР) мен Сокты жеңді.

D тобынан Нидерланд пен АҚШ құрамалары ширек финалға шықты. Енді қазақстандық теннисшілер алдағы жылдың ақпанында келесі командалық әлем чемпионатының жолдамасы үшін таласады. Жеребе қараша айының аяғында тартылады.

Тегтер: ҚазақстантеннисҰлыбритания

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz