Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Теңіз кен орнында жарылыс болды

Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі.

06.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Жарылыстан 1985 жылы туған екі жұмысшы  қаза тапты. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған.

Бейресми деректерге сүйенсек, кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Және тиісті органдар техникалық қауіпсіздік талабының сақталуына байланысты тексеруге кірісті. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Жарылыстың артынша Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов шұғыл жиын өткізген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға «Теңізшевройл» ЖШС, ТЖД, ПД өкілдері мен жауапты басқарма басшылары қатысқан.

Облыс әкімі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтып, қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізген. Қазіргі таңда апат болған аймақта  гидротест жүргізу толығымен тоқтатылды.

Тегтер: жарылысТеңізшевройл

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz