Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

«Теңіз» кен орнындағы жарылысқа байланысты 4 мыңға жуық жұмысшы демалысқа жіберілді

Сынақтарды жүргізген мердігер өз жұмысын уақытша тоқтатып, 4 мыңға жуық жұмысшы демалысқа жіберілді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

11.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Қазақстандағы ірі мұнай кеніштерінің бірі «Теңіз» кен орнында 6 шілде күні жарылыс болып, екі жұмысшы қаза болды, үш адам ауруханаға түскен. Сынақтарды жүргізген мердігер өз жұмысын уақытша тоқтатып, 4 мыңға жуық жұмысшы демалысқа жіберілді.

Жантүршігерлік оқиға «Сенімді құрылыс» ЖШС жұмысшылары ауысымының аяқталуына екі күн қалғанда болған. Бұл туралы өндірістік байланыс менеджері Гүлмира Бапанова баяндады.

«Оқиғадан кейін жұмыс жартылай тоқтатылды, бұл күндері еңбекақы төленеді, жұмысшылар үйіне жіберілді. Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мұндай оқиға бірінші рет болып отыр. Компания қауіпсіздік ережелеріне үлкен мән береді», — дейді Гүлмира Бапанова.

«Қазір зардап шеккендердің бірі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл ота жасалды. Құрманғазы ауданының 1996 жылғы тұрғынының ішкі органдары жарылыстан зақымданған, сондай-ақ омыртқасы мен бірнеше қабырғасы сынған. Оның жағдайы өте ауыр», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Айтуынша, 1998 жылы туған екінші зардап шегушіге алғашқы психологиялық көмек көрсетілді. Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген үшінші зардап шегуші қолхат бойынша үйіне шығарылды.

Тегтер: жарылысКен орныТеңіз

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Оман Сұлтаны бірқатар маңызды келісімге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
06.10.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz