Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Теміржолдар бойында 100 км астам қоршау орнатылады

Көліктегі полиция мен тасымалдаушы компания желілік бөлімшелерінің басшылары теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

15.02.2023
Жаңалықтар

Кеңесте аталып өткендей, теміржолдар бойындағы оқыс оқиғалар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында көп тіркелген. Негізгі себеп – адамдардың абайсыздығы және қауіптілігі жоғары аймақта ережелердің сақталмауы.

ҚТЖ-дағы магистраль объектілерінде тұрақты негізде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 км қоршау орнатылған. Білім беру мекемелерінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтер жүргізіледі.

2024 жылдың соңына дейін: Астана — Ақтөбе, Астана — Атырау, Астана — Защита, Алматы — Маңғышлақ, Алматы — Жезқазған, Астана — Орал учаскелеріндегі теміржолдар бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жаңаарқа (Қарағанды облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы), Достық (Алматы облысы) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.

Тегтер: қоршаутеміржол

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz