Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Танымал брендтердің кір жуғыш ұнтағын қолдан жасағандардың әрекеті әшкере болды

Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды. Жасырын цехтан 8 тонна кір жуғыш ұнтақ тәркіленді. Бұл туралы Alataunews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

01.11.2022
Жаңалықтар

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша тіркеуге алынды.

Төрт адамның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырған. Үшеуі Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы бар. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған.

Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақ заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған адамдар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz