Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Талғар ауданының тұрғындары түнде жолды жауып тастамақшы болды

Наразылықтың себебі Тереңқара ауылында кешкісін орын алған жол апаты болды. Көрші Сақтан ауылының тұрғыны көлікпен үш баланың анасын қағып кеткен. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісі Talgarnews жазған мәліметке сүйеніп хабарлайды. Әйел ауруханаға жеткізілді.

18.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Тұрғындар жол қауіпсіздігін күшейтуді, атап айтқанда жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруды талап етеді», — деп жазды Talgarnews.

Наразылығын білдірген 30-ға жуық жергілікті тұрғын жолдың жанына жиналды. Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев пен Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрболат Манапбаев оқиға орнына келді. Олар тұрғындардың жол белгілерін орнату, жылдамдыққа қарсы кедергі және жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға қатысты шағымдарын тыңдады.

«Біз жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға өткен жылы өтінім бердік. Жол облысқа қарайтындықтан, ауданның өз бетімен белгі қоюға немесе жарықтандыруға құзыры жоқ. Оны облыс шешеді», — деп түсіндірді ауылдық округ әкімі Нұрболат Манапбаев.

Әкімдік өкілдері Алматы облысының билігіне тағы да осы мәселе бойынша жүгініп, мәселені полициямен бірлесіп шешуге уәде берді. Келіссөздерден кейін адамдар жолды жауып тастау туралы ойларынан бас тартып, үйлерге тарады.

Тегтер: Талғар ауданыТереңқара

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz