Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданы тұрғындары қоқыс алаңын басқа жаққа көшіруді талап етті

Алматы облысының 30 мыңға жуық тұрғыны үш жылдан бері қоқыс алаңынан шыққан қолаңса иістің "құрбаны" болдық деп шағымданып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі 31 арнаның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

08.09.2022
Жаңалықтар

Кеңдала ауылының іргесінде, 100 метр жерде қоқыс полигоны орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, іргедегі елдімекенде егеуқұйрықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Сондықтан наразы топ қоқыс алаңын мүлде басқа аумаққа көшіруді талап етіп отыр. Ал полигон иесі кәсібін әкімдік өкілдері әдейі шу шығарып, тартып алмақ деп топшылайды.

Ауыл тұрғыны Жанна Кимнің айтуына қарағанда, инфекция, ауруларды ұшқан құс пен жүгірген жәндік таратады. Жерге сіңгені ауыз суға әсер етеді.

Жоспар бойынша бұл жерде қоқыс өңдейтін зауыт салынуы қажет. Бірақ құрылыс әлі басталмаған. Есесіне, кәсіпкер 1 гектардан астам жерге қоқыс төккен.

«Зерттеудің нәтижесі бойынша ауаның не экологиялық, не санитарлық талаптарға сай емес екені анықталды. Ауадағы мыс пен мырыш 8-8,5% артық. Әрі полигон қоршалмаған. Жер асты суларының ластану деңгейін бақылайтын арнайы құрылғылар да орнатылмаған», — дейді аудандық экология кеңесінің төрағасы Мирас Байсейітов.

Ал басы дауға қалған тарап өз шындығымен бөлісті.

«Электр энергия қуатын алуға рұқсат берудің орнына, көмек берудің орнына кәсіпкерге барлық уақытта жаңағы наразылықтар көрсетіліп отырған. Әлі күнге дейін. Станок жұмыс істемейді деп айтасыздар. Станок қалай жұмыс істейді? Электр энергия жоқ болса», — деп жауап берді кәсіпкердің заңгері Асылбек Қараев.

Әзірге кәсіпкер мен тұрғындар текетіресі қалай шешілері белгісіз. Әйтеуір, ызалы ел оңайлықпен ымыраға келмейміз деп отыр.

Тегтер: қоғамқоқысТалғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz