Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінде әйел босанып, көлік апатқа түсті

Талдықорғанда аяғы ауыр келіншек перзетханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде босанып қалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

02.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аяғы ауыр келіншекті Қапал ауылынан алып келе жатқан. Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа баруы тиіс әйелдің толғағы көлік ішінде қысып, фельдшерлерге оны көліктің ішінде босандырып алуға тура келген.

«Талдықорғандағы шығыс шағын ауданда жедел жәрдем көлігін өзге көлік соғып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал бала мен ананың да жағдайы жақсы, дүниеге ұл келді. Олар анасымен перинаталдық орталыққа жеткізілді», — деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Жедел жәрдем көлігінде босанған әйел 1997 жылғы. Үшінші баласын босанды. Сәбидің салмағы 4 келі. Ұл бала. Қазір нәрестенің де, анасының да жағдайы жақсы», — деді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қанат Қалиханұлы.

Ал Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге көлік табылмаған, іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: жедел жәрдемЖетісу облысыоқиғаТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz