Астанадағы баспасөз мәслихатында адвокат Мәулен Әлімбаев Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егізі Ерлан Нығматулин рейдерлік туралы қылмыстық іс бойынша айыпталушы болғанын хабарлады. Қуат Сұлтанбеков іс бойынша жәбірленуші болып танылды.
Orda.kz порталы істің егжей-тегжейін білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ресми сұрау жіберген. Ведомство Сұлтанбековтың мәлімдемесі өндіріске қабылданғанын растағанымен, ағайынды Нығматулиндердің іс жүргізу мәртебесін жария етпеген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М. Сұлтанбековтың өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Өтініш берушінің дәлелдері тергеу барысында тексерілетін болады, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының міндетін атқарушы Шаймұрат Шәменов.
Қарағанды облысының танымал кәсіпкері Қуат Сұлтанбеков 2012 жылы атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек оған қатысты тағы бірнеше іс қозғалып, қамауға алу мерзімі 21 жылға дейін ұзартылды. Бұған дейін кәсіпкерді қорғаушы қылмыстық қудалауды Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндермен байланыстырғаны айтылған.