Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Соңғы екі аптада COVID-19 ауырған адамдар саны 3,2 есе өсті – денсаулық сақтау министрі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы COVID-19 бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз баяндамасында әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының өсуі жалғасып жатқанын және зерттелген үлгілердің 95%-ы оның «Омикрон» штаммы екенін көрсеткенін атап өтті.

20 маусымнан бастап елімізде КВИ-мен сырқаттану арта бастады. Соңғы екі аптада ауырған адамдар саны 3,2 есе өсті. (10 714-тен 34 550 жағдайға дейін).

Министрдің айтуынша, ауырған адамдардың 80%-ы екпе алмағандар немесе 6 ай бұрын егілгендер екенін ескерсек, бұл КВИ қарсы ревакцинацияны уақытылы алу керегін көрсетеді. Бүгінгі күні ревакцинацияны 5 млн астам адам алды, бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды.

Премьер-Министр жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгені, бұл әсіресе Нұр-Сұлтан қалпсы мен Қарағанды облысында байқалып отырғанын атап өтті.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

«Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакцинациялау мен ревакцинациялаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне алып келеді», – деп түйіндеді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Смайылов әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Тегтер: КВИ

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz