Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Сочиді топан су басты: қалада төтенше жағдай режимі енгізілді

Сочи әкімшілігі екі рет топан су басқан соң қалада төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

25.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Сочиде шілде бойы жауатын жаңбыр бір-ақ күнде жауып, жексенбі күні қалада сел жүрді. Салдарынан Сочидегі өзендер деңгейі қатты көтерілген. Жексенбіге қараған түні басталған тропикалық жауын салдарынан қаланың 15 көшесі судың астында қалды. Ондаған көлік су ағынымен ағып кеткен. Кейбірінің ішінде адамдар болған. Мерт болғандар саны біреу.

Жауыннан Лазарев ауданы көбірек зардап шеккен. Бұдан бөлек А-147 федералды тас жолының екі жүз метрі су астында қалды.

Қала әкімшілігінің баспасөз қызметі Хоста, Мацеста, Бзугу, Кудепста өзендерінде бірден су деңгейінің көтерілгені туралы дабыл қосылғанын мәлімдеді. Станциялар су астында қалғандықтан, қаланың бірнеше ауданы жарықсыз қалды. Сочи әкімшілігінің басшысы топан су салдарын жою үшін 1 000-нан аса адам мен 400 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Жағдай тұрақталған соң қала билігі теңізден тағы бұлт келе жатқанын айтып, ескерткен. Кешке және түнде қатты жауын, ал теңізде құйын соғады деп күтілген.

«Жағалаулар жабық, шомылуға болмайды. Санитарлық тазалау жұмыстары жүріп жатыр», — деп ескертті қала басшысы Алексей Копайгородский.

Жексенбі күні түнде Бзугу өзенінің арнасынан асқаны туралы хабар түскен. Әлеуметтік желідегі видеодан су ағынының жеңіл көліктерді ағызып әкеткенін көруге болады. Салдарынан Орталық және Хостинский аудандары көбірек зардап шекті.

Тегтер: төтенше жағдай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz