Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Словакия премьер-министрі өлім аузында жатыр

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Банска-Бистрицадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жасалған жаңа операциядан кейін ауыр халде жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2024
Әлем, Жаңалықтар

Жұма күнгі баспасөз мәслихатында аурухананың медициналық қызметкерлері Фицоның жағдайы тұрақты және есін жиғанын мәлімдеген.

«Операциялық араласудың нәтижесінде оқ жарақатынан қалған некротикалық тіндер алынды. Қазір науқас есін жиды, жағдайы тұрақты, бірақ ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы шынымен де ауыр. Бұл премьер-министрдің қазіргі ауыр жағдайы үшін қалыпты болып саналады», — деді аурухана директоры Мириам Лапуникова.

Айта кетейік, өткен сәрсенбі күні 59 жастағы премьер-министр Словакияның батысындағы Гандлова қаласында қастандыққа ұшырады. Оған бірнеше мәрте оқ атылды.

Полицейлер күдіктіні қамауға алды. Оған кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылды. Оның Левице қаласындағы үйінде тінту жүргізіліп, компьютер мен кейбір құжаттары тәркіленді.

Билік оны ешбір саяси топпен байланысы жоқ «жалғыз қасқыр» деп атады. Бірақ ішкі істер министрі бұл шабуылдың саяси астары болуы мүмкін екенін айтты.

Тегтер: Премьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz