Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Синоптиктер ескертті: Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап ыстық болады

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2026 жылғы 7–9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026
Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, бірқатар өңірде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше аймақта ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі.

Мамандардың болжамынша, 7–9 шілде аралығында елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

7–8 шілдеде жауын-шашын солтүстік және орталық өңірлерге де таралады. Әсіресе 7 шілдеде орталық пен шығыс облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп күтілсе, 8 шілдеде батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында қатты жауын-шашын болуы ықтимал.

Синоптиктер кей жерлерде желдің күшейіп, бұршақ жауу қаупі бар екенін ескертті. Әсіресе батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің екпіні күшейеді.

Сонымен қатар алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстықтың күшеюі болжанып отыр. Ауа температурасы солтүстік-батыс пен орталық өңірлерде 35–39 градусқа дейін көтерілсе, жекелеген аудандарда 41 градусқа дейін жетуі мүмкін. Солтүстік облыстарда да күн қатты ысып, термометр бағаны 35–38 градусты көрсетеді.

Ал республиканың қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Метеорологтар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады. Қатты ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді. Ал нөсер жаңбыр, найзағай және қатты жел кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмау қажет.

Тегтер: ауа райыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz