Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Алматы облысында алдағы күндері аптап ыстықболады. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 18–20 шілде аралығында өңірдің бірқатар аумағында ауа температурасы +40...+45 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, ыстық ауа райы Орталық Азия мен Таяу Шығыс аймақтарынан келген құрғақ әрі ыстық ауа массаларының әсерінен қалыптасып отыр. Осыған байланысты алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтілмейді.

Әсіресе Алматы облысының шығыс бөлігінде күндізгі ауа температурасы +35…+38 градусқа, ал өңірдің жекелеген аумақтарында +40…+45 градусқа дейін көтеріледі.

«Қазгидромет» 17 шілде сағат 20:00-ден 20 шілде сағат 20:00-ге дейін табиғи өрт қаупіне байланысты ескерту жариялады.

Алдын ала болжам бойынша, 21 шілдеден бастап өңірде ауа райы біртіндеп өзгереді. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетіп, жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Соның нәтижесінде ауа температурасы төмендеп, күндіз +30…+36 градус шамасында болады.

Мамандар ауа райының біршама салқындауына қарамастан, өрт қаупі толық сейілмейтінін ескертеді. Сондықтан тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, балалар мен қарт адамдардың денсаулығына ерекше назар аударуға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және орман мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында табиғат аясында от жағудан, құрғақ шөпті өртеуден және тез тұтанатын қалдықтарды бей-берекет тастаудан бас тарту қажет. Мамандар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау аптап ыстық кезінде табиғи өрттердің алдын алуға мүмкіндік беретінін айтады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz