Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Шымкентте 15 жастағы қыз жұмыс орнында көз жұмды

Фаст-фуд дәмханасында кассир әрі еден жуушы болып еңбек еткен Ағару Құралбай жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

12.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Туыстарының айтуынша, жасөспірімді электр тогы соққан болуы мүмкін. Алғашында суыт хабар жеткізгендер осылай депті.

Ал қазір бұл істе бір «гәп» барын сезген Ағарудың туыстары тергеудің әділ өтіп, кінәлілердің жазаланғанын қалайды.

«Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Еңбек қағидасын бұзу салдарынан адам өліміне алып келген оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және өрт қауіпсіздігі сақталып жатыр ма, қауіпсіздік шараларын қаншалықты деңгейде қамтамасыз етті, қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды ма, жасалған жоқ па? Ол жағына әлі құқықтық баға берілетін болады», — деді  Қаратау АПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Аянхан Омаров.

Тергеу аяқталғанша фаст-фуд дәмханасының есігі мөрленіп, уақытша жабылған.  Ағарудың туыстарының қолында экспертизаның алғашқы қорытындысы бар. Ондағы үш себептің бірінде «тоққа түсіп қайтыс болған» делінсе, біреуінде «белгісіз» деп көрсетіліпті. Нақты сараптама 20 күнде белгілі болады.

Тегтер: Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz