Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып қаза тапқан

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырды. Ведомство мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 69 бала суға батып көз жұмған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ІІМ дерегінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған орындарда болған.

«Шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 69 бала суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде тіркелді. Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар және оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер», – деді ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов.

Министрлік аптап ыстықтан кейін бірден суық суға түспеуге және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Сонымен қатар ведомство тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық бойынша 2 700-ден астам адам жауапқа тартылған.

«Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпаңыздар!»,  – деп үндеу жасады Арман Саданов.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz