Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру тәртіптері өзгереді

ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Тиісті бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

09.11.2022
Жаңалықтар

Құжат «адам саудасының құрбаны» және «пана іздеген адам» терминдерімен толыққан.

«Адам саудасының құрбандарына және пана іздеген адамдарға қатысты қабылдаушы тарап жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Уақытша тұруға рұқсат ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді, бірақ үш айдан аспайды», — делінген құжатта.

Ал тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгініп, тиісті құжаттары мен өтінім берген иммиграттарға талаптарға сәйкес келген жағдайда 90 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға рұқсат беріледі.

Қызмет бабымен Қазақстанға келетін шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат белгіленген мерзімге ресімделеді. Егер оны ұзартатын болса, жалпы елде болу уақыты 1 жылдан аспауы тиіс.

Сонымен қоса, жаңа өзгеріске сәйкес, гуманитарлық мақсаттар бойынша көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде ұзарту құқығымен 90 күнге беріледі.

Бұйрықты ашық талқылау 22 қарашаға дейін жалғасады.

Тегтер: ІІМҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz