Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында екі әуе кемесі соқтығысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2025
Әлем, Жаңалықтар

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ірі әуе оқиғасы тіркелді. Бейжіңнен ұшып келген Hainan Airlines әуе компаниясының Airbus A330 ұшағы басқару кезінде Россия әуе компаниясына тиесілі, Санкт-Петербургке ұшуға дайындалып тұрған Sukhoi Superjet 100 ұшағының құйрық бөлігін қанатымен соққан.

Росавиация мәліметінше, екі ұшақта жүздеген жолаушы болғанымен, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Жолаушылар үшін қауіп төнген жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Артем Кореняко.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларда экипаж әрекеті мен диспетчерлік қызметтердің жұмысын толық зерттеп, барлық мән-жайды мұқият тексеру қажет.

Superjet ұшағында 84 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Олар дереу эвакуацияланып, кейін резервтік ұшаққа отырғызылды. Қосалқы ұшақ Санкт-Петербургке 23:56-да ұшып шықты.

Airbus бортында 264 жолаушы болған. Оқиғадан кейін бұл ұшақ техникалық тексеруге жіберіліп, ұшуы кейінге қалдырылды. БАҚ деректеріне қарағанда, жолаушылардың бір бөлігі түнді Мәскеуде өткізуге мәжбүр болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Superjet ұшағының руль бағыттағышы бүлінсе, Airbus қанатының бір бөлігі зақымданған. Өрт немесе жанармайдың төгілуі тіркелмеген. Әуежайдың авариялық қызметтері оқиға орнына жедел жеткенімен, олардың көмегіне қажеттілік туындаған жоқ.

Оқиғадан кейін бірқатар рейстер кешіктірілгенімен, түнде әуежайдағы ұшулар кестесі қалыпқа келтірілді. Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау үшін арнайы тексеру жүргізілуде.

Тегтер: қазақстанРесей

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz