Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шеңгелді қарбызына сұраныс артты: өнім еліміздің ірі қалаларына жөнелтіліп жатыр

Алматы облысындағы Шеңгелді ауылдық округінде қарбыз жинау науқаны қарқын алды. Күннің аптап ыстығына қарамастан, егіс алқаптарында жұмыс таңнан кешке дейін толастамайды. Жиналған өнім күн сайын жүк көліктеріне тиеліп, Алматы, Астана және еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биыл ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында Шеңгелді ауылдық округінде 13 657 гектар егістік алқабы игерілді. Оның 400 гектарына бақша дақылдары егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Мамандардың айтуынша, бақша алқаптарының ұлғаюы өңірде осы бағыттағы өндірістің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.

Өнімнің басым бөлігін қарбыз құрайды. Солардың бірі – «Ағайындылар» шаруа қожалығының алқабы. Шаруашылық басшысы Дастан Үмбетов биыл 32 гектар жерге қарбыз еккен. Қазір піскен өнім күн сайын жиналып, сауда орындары мен көтерме сатып алушыларға жөнелтіліп жатыр.

«Қарбызды егістік басынан-ақ келіп, келісін 65 теңгеден алып кетіп жатыр. Жаз мезгілінде сұраныс өте жоғары, өнімді өткізуде ешқандай қиындық жоқ. Бір гектардан 35–40 тоннаға дейін өнім алып отырмыз», – дейді шаруа.

Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары да жалғасқан. Қонаев қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Ибраимовтың айтуынша, суармалы суға субсидия бөлініп, көктемгі дала жұмыстарына 316 тонна арзандатылған дизель отыны қарастырылған. Оның 280 тоннасы қазірдің өзінде игерілген.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл шаруашылықтар 13 жаңа техника сатып алған. Егіс науқанына 67 трактор, 10 астық сепкіш және бес жоғары өнімді заманауи егіс кешені жұмылдырылды.

«Биыл бақша дақылдарының өзінен 18 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отырмыз. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 29,1 миллиард теңгеге жеткізу көзделген», – деді Асқар Ибраимов.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауылдық округтердің дамуы мен сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
09.08.2026

Алматы облысында жолдағы қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz