Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шамалғанда әйелге шабуыл жасалды: күдіктіні полиция іздеп жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасап, оны жіппен тұншықтыруға әрекеттенген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Кадрлардан ер адамның әйелге арт жағынан жақындап, шабуыл жасағанын көруге болады. Алайда жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қаскүнемнен құтылып кеткен.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Соған қарамастан күдікті әлі қолға түспеген.

Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар адамды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы толық анықталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Тегтер: Қазақстанқылмыс

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz