Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

22.05.2023
Жаңалықтар

Биыл «Серпін» бағдарламасының өтеу мерзімі қысқарды. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрайды. Сондай-ақ жұмыспен өтеу бойынша оқыған аймақта ғана емес, бағдарламаға қатысатын аймақтарда да өтеуге мүмкіндігі бар.

«2023 жылы өңірлік ЖОО-ға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді», — дейді вице-министр.

Сондай-ақ грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндерінде биыл өзгерістер болмайды.

«13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін ұсынуды жоспарлап отырмыз. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», — дейді Қуаныш Ерғалиев.

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, ҰБТ-2023 басты жаңашылдықтары «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістердің енгізілуі. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болса, «Оқу сауаттылығынан» 15 тест сұрағы ұсынылады.

Тегтер: грантҚазақстансерпінталапкерҰБТ

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz