Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенат арнаулы салық режиміне қатысты құжатты қабылдады

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне сонымен бірге, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

02.03.2023
Жаңалықтар

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбековтің айтуынша, заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Біріншіден, бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты:

— режимді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалану мүмкіндігін беру;

— Салық кодексінің бөлшек сауда жөніндегі тарауының қолданысын қалпына келтіру;

— қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту;

— салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету;

— мәслихаттарға мөлшерлеменің 50 пайызға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету құқығын беру;

— заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8% деңгейінде мөлшерлеме белгілеу ескерілген.

Салықтың көрсетілген сараланған мөлшерлемелерін қолдану үшін салық төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуі тиіс.

«ҚР Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 ақпандағы № 3 нормативтік қаулысына сәйкес, Салық Кодексінің 610-бабы 2-тармағының «осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап-арыз берілген кезде» деген сөздер бөлігіндегі ережелері әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жөніндегі конституциялық құқыққа нұқсан келтіретіндіктен, ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағына және 14-бабына сәйкес келмейді деп танылды. Осыған байланысты аталған тармаққа өзгерістер енгізілді, «өтініш субъектісі үшін» деген сөздермен ауыстырылды. Сондай-ақ, 610-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес мүліктік даулар бойынша мемлекеттік баждардың жоғары шегін белгілеу ұсынылды», — деді депутат.

«Бұдан басқа, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақшаны сақтандыру ұйымынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару жүзеге асырылған жағдайда қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында, заң жобасы баптарының нормаларын бір-бірімен үйлестіретін, сонымен қатар заң техникасының ережелеріне байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді», — деді Бекболат Орынбеков.

Тегтер: құжатрежимсалықсенат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz