Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сауд Арабиясында рұқсатсыз қажылыққа барған 17 мыңнан астам адам ұсталды

Елдің Қоғамдық қауіпсіздік қызметі хабарлағандай, 9,5 мыңға жуық адам тұру, жұмыс істеу және шекара қауіпсіздігін сақтау тәртібін бұзған.

03.07.2023
Жаңалықтар

«Сауд Арабиясының билігі сонымен қатар қажылыққа келушілерді қажылық орындарына заңсыз тасымалдағаны үшін 33 адамды қамауға алды», — делінген хабарламада.

Өткен аптада Сауд Арабиясының Мекке мен Медине қалаларында жыл сайынғы қажылық рәсімі өтті. Ел билігі коронавирус пандемиясынан бері алғаш рет қажылыққа екі миллионнан астам адам қатысуына рұқсат берді.

Айта кетсек, жақында туристік компания арқылы Мекке мен Медина қалаларына қажылық етуге барған бір топ қазақстандық азамат та құжаттың дұрыс болмауы салдарынан қиын жағдайға тап болған. Аталған жайтқа қатысты тіпті Мемлекет басшысы пікір білдіріп, ел азаматтарын сауатты болуға шақырды.

«Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар. Енді, мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: қажылық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында 10 мың гектар жерге заманауи суару жүйесі енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz