Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Самұрық-Қазынаға» қарасты мекемелердің бірі 15 млрд теңгені «желге ұшырған»

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «немерелерінің» бірінде желдің көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша объектіні салуға бағытталған 15 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ысырап еткені анықтады.

19.09.2023
Жаңалықтар

«2020 жылы 100% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі «Eneymentau Wind Power» ЖШС тендер қорытындысы бойынша Ерейментау ауданында «Олимп Транс Сервис» ЖШС-мен жалпы сомасы 26,1 млрд теңгені құрайтын қуаты 50 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салуға шарт жасасты», — делінген Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хабарламасында.

Шарт талаптарына сәйкес нысан 17 ай бұрын 2021 жылдың 4 маусымына дейін салынуы керек еді.

«Алайда 2020 жылы «Олимп Транс Сервис» ЖШС мердігері жұмыстарды бастаған жоқ, бұл ретте 10,5 млрд теңге сомасында аванстық төлемдер толық көлемде төленді. Мердігерге бұл мөлшердегі аванс жеткіліксіз болды, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу үшін ол авансты арттыруды талап етті. «Ereymentau Wind Power» ЖШС медиацияны пайдалана отырып, заңды негізсіз аванс сомасын тағы 5,5 млрд теңгеге арттырды», — делінген хабарламада.

Бірақ бұл мердігерге шарт талаптарын орындауға көмектеспеген.

«Бүгінгі күні 15,4 млрд теңгеге жұмыстар орындалмады, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу жүргізілген жоқ. «Ereymentau Wind Power» ЖШС Бақылау кеңесі мен бұрынғы басшылығының «адалдығы» 15,4 млрд теңге мөлшерінде төленген аванстың қамтамасыз етілмегендігіне және Мердігер шартты орындамаған жағдайда сақтандыру төлемін алу мүмкіндігінің жоғалуына әкеп соқты», — дейді комитет өкілдері.

Бұл ретте, қазіргі уақытта ақшаны қайтару бойынша ешқандай талап-арыз жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және осы заңбұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Тегтер: Самұрық-Қазына

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz