Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Республиканың дәулескер күйшісі анықталды

Жас күйшілердің «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі.

07.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Байқауға Батыс және Түркістан облысы, Алматы, Жетісу, Абай облыстарынан 14 күйші қатысты. Аталған шара екі кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезеңде күйшілер төрт туынды орындаса, ақтық сынға шыққандар да төрт күйден төкпелетті.

Байқауда қазақ өнерінің парқын білетін Жанғали Жүзбай, Төлепберген Тоғжанов, Мұрат Әбуғазы, Талғат Оразаев сынды дәулескер күйшілер қазылық етті. Жүзден тұлпар шыққан шарада бас жүлдені жамбылдық Мейірбек Әзімбаев жеңіп алды.

«Мен екінші кезеңге өтетінімді білдім. Өйткені ұзақ уақыт тыңғылықты дайындалдым. Негізі мұндай шара төл өнерімізге деген үлкен демеу. Әсіресе, жас күйшілерге дем береді. Әлі де жалғасын тапса деймін. Себебі, ұялы телефоннан бас алмайтын жастарға кеңінен насихатталар еді», — дейді Мейірбек Әзімбаев.

Республикалық байқауда бірінші орын қасиетті Жамбыл жерінің тумасы Тимур Үмбетжанға бұйырды. 2-орынды жетісулық Мұхит Мүкен, ал 3-орынды Алматы қаласынан келген Лунара Мәуетбек жеңіп алды.

 

1 of 5
- +
Тегтер: ҚонаевмерекеҮкілі домбыра

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz