Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ресей әскері Украинаға қарсы соғысудан жаппай бас тартып жатыр

Украина жерінде ұрыс жүргізіп жатқан орыс әскері арасында соғыстан бас тартып жатқан сарбаздардың қарасы көбейе түскен. Қазіргі таңда олардың саны 1793 жетті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Украинаның ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дәл қазір 234 сарбаз мағынасыз соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Луганск облысындағы Брянка қаласындағы жертөлелерге қамап тастағаны мәлім болды. Осыдан кейін Ресейдегі адам құқын қорғайтын ұйымдар бұл мәселені көтеріп, сарбаздардың ата-аналарымен бірге дабыл қағып жатыр.

Сарбаздардың ата-аналары балаларын әскерилер жарығы жоқ қараңғы жертөлелерге қамап, оларға су мен тамақты дұрыс бермей жатқанын айтып шағымданған.

Осылайша орыс әскерінің қолбасшылары сарбаздарға тізе батырып, оларды райынан қайтаруға тырысып жатса керек.

Брянка қаласында қамауда отырған 19 сарбазды күні кеше ғана СИЗО-ға алып кеткен. Әзірше оларға қатысты ақпарат жоқ.

Құқық қорғаушалар Ресей әскерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар заң бойынша әскери операцияға қатысудан бас тартуға құқы бар екенін айтып жатыр. Бұл үшін заңда оларды қандайда бір жауапкершілікке тарту қарастырылмаған.

Сарбаздардың мағанасыз соғыстан бас тартып жатқаны жайындағы ақпарат 13 шілдеде белгілі болған. Сол кезде «Свободная Бурятия» қоғамдық қорының вице-президенті Виктория Маладаева ұзын саны 500-ге жететін сарбаздың әскери операцияға қатысудан бас тартып, өтініш жазғанын жеткізген еді.

Ресейдің қарулы күштер соғыстан бас тартқан сарбаздарды үйлеріне қайтарудың орнына оларды қамап, қорқытып-үркітуге көшкен. Осылайша жағдай ушығуда. Орыс әскері жаппай қарсылық танытатын болса, Кремль айдай әлем алдында абыройдан жұрдай болуы мүмкін.

Тегтер: РесейУкраина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz