Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қызылордада мас ер адам әйелін ұрып өлтірді

Үш баласының анасын өлтірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

09.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Құқық қорғаушы қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, кінәліні жауапқа тартуды талап еткен. Автор жазбасында марқұм әйел ер адаммен 2015 жылдан бері некеде тұратынын, үш баласы барын айтады.

«Екі, үш, бес жастағы үш ұлдары бар. Оны талай рет ұрған. Балалары үшін күйеуін үнемі кешірді. 2-сі күні оның туған күні болды. Күйеуі қызғанатындықтан кафеге екеуі бірге барды», – деді әйелдің әпкесі.

Облыстық полицияның мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 3 тамызға қараған түні болған.

«Қызылордалық ер адам мас күйінде әйелін ұрған. Ауыр дене жарақатынан 27 жастағы әйел қайтыс болды. Оқиға орнынан қашып кеткен 29 жастағы азаматты ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды», — деді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Досының үйіне жасырынған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер: қайғылы оқиғаҚызылордақылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz