Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Құрбан айт мерекесіне орай бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулы Алматы және Жетісу облыстарында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында шығып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

07.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Қаулыда:

  • малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен сатуға тыйым салу;
  • ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандардағы сою пункттері, алаңдар) мал союды және өткізуді ұйымдастыру;
  • мал союды ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізу;
  • облыстың барлық аумағындағы сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
  • Qurban2022.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмысын жүргізу;
  • тоңазытқыш жабдықтардың, рефрижераторлардың және жеке қорғаныш құралдарының қажетті санын қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтау.

Одан бөлек, жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады:

  •  қоғамдық тамақтану объектілерінде (тойхана, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мешіттер және т. б.) және салттық іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;
  •  тез бұзылатын өнімдерді тек суық жерде ғана сақтау. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт, салаттар сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аударыңыз, дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;
  •  тек таза қаптаманы (полиэтилен, тамақ өнімдеріне арналған контейнерлер және т. б.) пайдалану, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинамау, шыбындар мен тарақандардың пайда болуына жол бермеу;
  •  кездейсоқ адамдардан немесе санкцияланбаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
  •  жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау, бірақ егер дайын тағам келесі күнге қалса, онда оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру);
  •  тұрғын үйді үнемі таза ұстау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа өнімдерді пайдалану.
Тегтер: жаңа қаулықұрбан айт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz