Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қосымша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2024
Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры жоғары оқу орындарының 792 грант иегерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Қазақстан халқына» қорының басқармасы 2024 жылға арналған білім гранттарын алған талапкерлердің тізімін 11 қыркүйекте бекітті. Қайырымдылық бағдарламасы аясында биыл 850 грант бөлінді, бұл үшін 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары таңдалды. 2024 жылдың 1-17 тамызы аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламадан үмітті талапкерлерден өтініштер қабылдады», — делінген қордың ресми сайтында.

Құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижесінде 792 өтініш берушінің түпкілікті тізімі келесі санаттар бойынша бекітілді:

  • 3 өтініш беруші (0,4%) – 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
  • 168 өтініш беруші (21,2%) – жетімдер немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • 149 өтініш беруші (18,7%) – ауылдық елді мекендерден, шағын және моноқалалардан шыққан аз қамтылған отбасылардың өкілдері;
  • 177 өтініш беруші (22,4%) – мүгедектігі бар азаматтар;
  • 295 өтініш беруші (37,3%) – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан үміткерлер.

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты бакалавр дәрежесін алу үшін тегін күндізгі бөлімде оқу ақысын жылына 1 миллион теңгеге дейін өтейді. Сонымен қатар, грант иегерлеріне жыл бойы (жазғы демалысты қоспағанда) 10 ай бойы 40 мың теңге көлемінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді.

Тегтер: грантҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz