Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанайдан Алматыға бағыт алған ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды

Қостанайдан Алматыға ұшқан FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Қостанай — Алматы бағыты бойынша X7141 рейсінде жолаушылардың бірі ұшақ ұшқаннан кейін өзін нашар сезіне бастаған. Осыған байланысты борт Астанаға шұғыл қонды.

Стюардессалар жолаушының импульсі мен тыныс алуын тексеріп, оның көз жұмғанын байқаған. Нұсқауларға сәйкес, экипаж алғашқы медициналық көмекке кірісті және бортта дәрігер іздеуді бастады. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибрилляторды қолданып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді.

«Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын айтты. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», — делінген әуекомпанияның хабарламасында.
Тегтер: Қостанай облысыұшақ

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz