Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге халық жарты миллиард теңге аударған

Қостанайда өрт басталғанда Әулиекөл ауданында орман өрттерінен зардап шеккендерге қаражат жинау үшін "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қоры құрылды. Бүгінгі күні оған қазақстандықтардан 491 миллион теңгеден астам көмек келіп түсті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қор құрылтайшыларының бірі Гүлмира Қапенованың айтуынша, өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде жиналатын қаржы қоры БАҚ-та ашық, әрі тұрақты есеп жүргізу үшін құрылды.

«Бүгінгі күнге бұл жалғыз қор емес. Жеке құрылған қорлар көп. Сондықтан Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы өрттің салдарынан туған проблемаларды шешу үшін осылай біріңғай негізгі қор құруды жөн санадық. Бір жағынан әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қаржының көлемі жарияланып, ашық есеп болады», — деп атап өтті Гүлмира Қапенова.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ қор құрылтайшыларының бірі Батырбек Ахметовтің айтуынша, 7 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша таңертең қорға 491 млн 614 мың теңге түскен.

«Қордағы ақша үш бағыт бойынша жұмсалады. Бірінші кезекте орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Олардың мәселелері шешілгеннен кейін ғана ауданның инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмек бағытталады. Одан кейін (егер қаражат қалса) – орман қорын қалпына келтіру, көгалдандыру жұмысы қолға алынады», — деді Гүлмира Қапенова.

Тегтер: қорҚостанай

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz