Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қостанай облысында бір мектепте бір-ақ бала оқыған

Тобыл өңірінде биыл 13 мектеп жабылмақ. Себебі, оқушы жетіспейді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

14.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Қостанай облысында 13 мектеп жабылады. Себебі оқушы саны жетіспейді. Кейбір ауылдағы мектептердің жұмысы қаңтар айында тоқтаған. Өйткені онда бір ғана бала оқыған. Оқушы саны аз мектептер бірден жабылмайды», — дейді облыстық білім басқармасының мамандары.

Оқушы саны көбейіп қалар деген үмітпен уақыт беріледі. Олай болмаған жағдайда, орта мектеп негізгіге, ал негізгілер бастауыш мектепке айналады. Одан кейін де оқушы азайса, мекеме жабылып, қалған балалар өзге елді мекендегі мектептерге ауыстырылады. Көрші ауылға қатынау үшін арнайы автобус бар. Егер елді мекен шалғай болса, оқушылар мектеп жанындағы интернаттарда жатып оқуына мүмкіндік бар. Қазір облыс бойынша 20 мектеп-интернат бар.

«Жабылайын деп тұрған 13 бастауыш мектепте 2-3 бала ғана қалайын деп отыр. Себебі, бір де бір мектепті жабу жоспарда болмаған. Мысалға, Әулиекөл ауданындағы Целинный мектебін. Бірақ ауылдан халық кетейін деп отыр. 6 мектептің ішінде бір орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылады. 5 негізгі мектеп бастауыш мектепке көшейін деп отыр», — деді Қостанай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Қарлыға Исмурзина.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарттық жиналысында бес түлек бітірген мектептер туралы айтқан еді.

Тегтер: Қостанаймектепоқушы

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz