Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қонаев қаласында ауыз су қысымын арттыру және сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін күшейтуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар қала халқының өсімі мен тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы жағдайында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мадияр Зәкеров мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары қала тұрғындарының санының артуы мен жаңа тұрғын үй кешендерінің салынуына байланысты кейбір шағынаудандарда ауыз су қысымының төмендеуі байқалған. Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін бірнеше ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

«Қазіргі сүзгі станциясын жаңғырту жоспарда бар. Сонымен қатар жаңа сүзгі станциясын салуға және алты ұңғыма бұрғылауға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Биыл екі жаңа сорғы сатып алынып, орнатылып жатыр. Бұл шаралар ауыз су қысымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», – деді бөлім басшысы.

Қаланың сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту тек жаңа нысандар салумен шектелмейді. Сонымен қатар тозығы жеткен инженерлік желілерді кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген. Атап айтқанда, Восточный, 19, 20 және Спутник шағынаудандарында ауыз су және кәріз жүйелері жаңартылады.

Бұдан бөлек, 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Сейфуллин және Алматы көшелеріндегі, сондай-ақ 4-саяжай аумағындағы инженерлік желілерді жаңарту жоспарланған.

Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары «Қонаев Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасы аясында да жалғасуда.

«Жыл сайынғы инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 5623 метр болатын су құбырлары жаңартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары Энергетическая көшесінде, сондай-ақ Спутник және Ивушка шағынаудандарында жүргізілуде. Жобаларды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді Мадияр Зәкеров.

Қала билігі жасыл аймақтарды суаруға арналған жеке техникалық сумен жабдықтау жүйесін құруды да жоспарлап отыр. Жоба қолданыстағы суару инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды, жаңа сорғы станциясының құрылысын және көгалдандыруға арналған техникалық су жүйесін іске қосуды қамтиды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Келесі кезеңде жоба мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

Мамандардың айтуынша, жоспарланған жобалар толық жүзеге асқаннан кейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай жақсарады. Сонымен қатар сумен жабдықтау жүйесіне түсетін жүктеме азайып, жасыл аймақтарды техникалық сумен суару арқылы ауыз су қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауылдық округтердің дамуы мен сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
09.08.2026

Алматы облысында жолдағы қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz