Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы №4 жағажай инвестор қаржысына абаттандырылады

Қонаев қаласындағы №4 жағажай инвестор қаражаты есебінен абаттандырылып жатыр. Қала әкімі Асхат Бердіханов нысанға арнайы барып, жағажайдың алдағы шомылу маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Жауапты тараптардың мәліметінше, туристік маусымға әзірлік аясында жағажай аумағында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тапшандар ретке келтіріліп, инфрақұрылым нысандары жөнделіп жатыр, сондай-ақ айналаны көгалдандыру жұмыстары қолға алынған.

Инвестордың айтуынша, шомылу маусымы аяқталған соң жағажай аумағында төрт қабатты қонақ үй салу жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдегі туристік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Қала басшысы демалушылардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты бейнебақылау камераларын орнату, құтқару бекеттерін орналастыру және жағажайды толық жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, санитарлық тораптар мен қоғамдық тамақтану орындарының тұрақты жұмыс істеуі қажеттігі айтылды.

Айта кетейік, №4 жағажай басқа коммуналдық жағажайлар сияқты жаяу келушілер үшін тегін болады.

Сапар барысында әкім қаладағы 8–10 шағынаудандар аумағында жобаларын ұсынған инвесторлармен де кездесу өткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz