Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Туризм құқық бұзушылықсыз» акциясы аясында рейд жүргізілді

Алматы облысының Қонаев қаласында туристік маусым кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Туризм құқық бұзушылықсыз» профилактикалық акциясы өткізілді. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Рейдтік іс-шараларды Қонаев қаласының прокуратурасы Төтенше жағдайлар департаменті мен Қонаев қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының жағалауындағы халық көп шоғырланатын демалыс орындарында жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты – туристік маусым кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және судағы жазатайым оқиғалардың санын азайту.

Рейд барысында заң талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, гидроциклді басқару құқығы жоқ кәмелетке толмаған жасөспірімнің су көлігін тізгіндегені белгілі болды. Сонымен қатар алкогольдік масаң күйде катер басқарған ер адам анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдар әкімшілік хаттамалар толтырып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдады.

Өкінішке қарай, рейд жүргізіліп жатқан уақытта қайғылы оқиға тіркелді. Қапшағай су қоймасында 8 жастағы қыз бала суға батып көз жұмды.

Бұл қайғылы жағдай судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Құзырлы органдар ата-аналар мен демалушыларды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ су айдындарында белгіленген қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға шақырады.

 

Тегтер: ҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz