Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға қолдау көрсетілді

Алматы облысында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шара Қонаев қаласындағы Family Park ойын-сауық кешенінде өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара Алматы облысы Полиция департаменті мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен «Қазақстандағы зорлық-зомбылықсыз отбасы» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға қолдау көрсетіп, олардың мерекелік көңіл-күйін көтеру және қоғам қамқорлығын сезіндіру.

Мерекеге әлеуметтік көмек көрсету орталығында уақытша орналастырылған 3 пен 11 жас аралығындағы 25 бала қатысты. Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе осындай қауіпке тап болған әйелдер мен балаларға психологиялық, заңгерлік, әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіледі. Бүгінде мекеме 50 адамға дейін қабылдай алады.

Балалар күні бойы аттракциондарда ойнап, түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысты. Сонымен қатар олар үшін арнайы түскі ас ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды.

Шара барысында полиция қызметкерлері мен орталық мамандары балалармен бірге уақыт өткізіп, оларға қолдау мен қамқорлық көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар балалардың өздерін қауіпсіз ортада сезінуіне және қоғамның қолдауын сезінуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастыруға Алматы облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Қонаев қаласы полиция басқармасы және Family Park ойын-сауық кешенінің басшылығы қолдау көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz