Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қонаевта абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй иелері өз ауласының ғана емес, үйге іргелес аумақтың да тазалығын қамтамасыз етуге міндетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Жаңа ереже бойынша тұрғындар үйінің айналасындағы бес метрге дейінгі аумақты таза әрі тиісті жағдайда ұстауы қажет. Атап айтқанда, қоқысты уақтылы жинау, арамшөптер мен шамадан тыс өскен шөпті шабу, үй маңын таза ұстау меншік иесінің міндетіне кіреді.

Қалада жүргізілген мониторинг барысында бірқатар жеке тұрғын үйлердің маңында шөптің шамадан тыс өсіп кеткені және іргелес аумақтардың талапқа сай күтіп ұсталмағаны анықталған. Мұндай жағдай көшелердің көркін бұзып қана қоймай, қаланың санитарлық жағдайына да кері әсер етуі мүмкін.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет мамандары анықталған аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шөп шабылып, қоқыс шығарылып, үй маңындағы аумақтар тазартылуда.

Қала әкімдігі тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтау меншік иелерінің міндеті екенін еске салды. Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты жеке үй иелеріне өз ауласымен қатар, үйге іргелес бес метрге дейінгі аумақтың тазалығын да тұрақты бақылауда ұстау қажет.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz