Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Formula 1 H2O әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр

Қонаев қаласы судағы Formula 1 H2O әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін. Алматы облысы әкімдігі мен халықаралық ұйымдастырушылар 2027 жылдан бастап жарысты Қапшағай су қоймасында өткізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысына әлемдік F1H2O ұйымының, iHolding компаниясының және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері арнайы келіп, өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Келісімге сәйкес, халықаралық жарысты алдағы бес жыл бойы Қапшағай су қоймасында өткізу жоспарланып отыр.

Осылайша Қазақстан Formula 1 H2O әлем чемпионатын қабылдайтын алтыншы мемлекет атанбақ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа шетелден кемінде 5 мың қонақ келеді деп күтілуде. Жергілікті тұрғындар мен туристерді қоса есептегенде көрермен саны бұдан да көп болады. Ал телетрансляция арқылы чемпионатты әлем бойынша 1 миллиардқа жуық адам тамашалайды деген болжам бар.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мұндай халықаралық жарыстар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Жыл сайын Қапшағай су қоймасында Tengri Ultra марафоны мен Oceanman ашық суда жүзу жарысы, сондай-ақ республикалық деңгейдегі түрлі спорттық іс-шаралар өтеді. Осындай халықаралық жобалар туризмді дамытып, өңір экономикасының өсуіне серпін береді. Сондықтан біз бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз», – деді өңір басшысы.

KSA ProMediaPortal және F1H2O ұйымдарының басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ямидің айтуынша, қазіргі таңда әлем чемпионатына 11 мемлекет қатысады. Оның сөзінше, жарыс кезінде халықаралық стандарттарға сай қауіпсіздік талаптары толық сақталады.

Жоба аясында VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалардың техникалық базасы, медиаорталық және отбасылық демалыс аймақтары ұйымдастырылады. Сондай-ақ қонақтарға Қазақстанның мәдениеті таныстырылып, ұлттық тағамдар мен кәдесыйлар ұсынылады. Чемпионат аясында ойын-сауық бағдарламалары өтіп, жабылу салтанатында әлемге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастыру жоспарланған.

«Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Біз Алматы облысының даму әлеуетін жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта бұл өңір халықаралық бизнес пен туризмнің маңызды орталықтарының біріне айналады деп сенеміз», – деді Яссер Әли Әл-Ями.

Әкімдіктің мәліметінше, Formula 1 H2O әлем чемпионатын өткізу өңірге туристер ағынын көбейтіп, инвестиция тартуға, инфрақұрылымды дамытуға және Алматы облысының халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz