Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирургтары өміріне қауіп төнген науқасқа жоғары технологиялық әрі күрделі ота жасап, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аурухананың хирургия бөлімшесіне 1990 жылы туған науқас асқазан қатерлі ісігінің ауыр асқынуларымен шұғыл түрде жеткізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, ісік асқазаннан шығып, көлденең тоқ ішекке таралған. Сонымен қатар асқазан мен тоқ ішек арасында гастроколикалық жыланкөз пайда болып, ісіктің перфорациясы салдарынан асқазан ішіндегісі құрсақ қуысына төгілген. Соның нәтижесінде науқаста шұғыл хирургиялық көмекті талап ететін жергілікті нәжістік перитонит дамыған.

Кешенді тексеруден кейін мамандар науқасқа дереу операция жасау туралы шешім қабылдады.

Операцияны хирург Тахир Шкуралиев орындады. Оған хирургтер Айжарық Шерхан мен Серік Сабаев ассистент болды. Анестезиологиялық қамтамасыз етуді анестезиолог-реаниматолог Қуаныш Телагусов жүргізді.

Ота барысында дәрігерлер ісік зақымдаған асқазан мен тоқ ішектің бөліктерін алып тастап, ас қорыту жүйесін қайта қалпына келтіретін бірнеше реконструктивті кезеңді бір мезгілде орындады. Сондай-ақ құрсақ қуысы тазартылып, дренаж орнатылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай хирургиялық араласулар онкоабдоминалдық хирургиядағы ең күрделі операциялардың қатарына жатады. Өйткені олар жоғары кәсіби шеберлікті, дәлдікті және науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда жедел шешім қабылдауды талап етеді.

Дәрігерлер бұл жағдай дер кезінде қойылған диагноз, шұғыл медициналық көмек және тәжірибелі мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында аса күрделі клиникалық жағдайларда да науқастың өмірін сақтап қалуға болатынын тағы бір мәрте дәлелдейтінін атап өтті.

Тегтер: ҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz