Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 2 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылып жатыр

Қонаев қаласында жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026
Жаңалықтар

Қала басшысы мердігер компания өкілдерімен және ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК басшысы Ержан Шоқанмен кездесіп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Құрылыс сапасы мен кестеден ауытқымау тұрақты бақылауда болсын. Жылыту маусымы еш кедергісіз өтуі тиіс», – деді Асхат Бердіханов.

Қазіргі уақытта Қонаевта «Энергетикалық және коммуналдық секторды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында 2 шақырымнан астам жылу желісі ауыстырылып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – коммуналдық инфрақұрылымды жаңартып, тұрғындарды жылумен тұрақты қамтамасыз ету.

Қаладағы инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта осы ұлттық жоба шеңберінде 8,5 шақырымнан астам ауыз су және кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары басталады.

Осылайша Қонаевта бір мезгілде жылу, ауыз су және кәріз инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту көзделіп отыр. Ал жылу желілеріндегі қазіргі жұмыстарды жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау міндеті қойылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz