Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 19 стихиялық қоқыс орыны жойылды

Қонаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктермен қатар қаланы абаттандыру, заңсыз қоқыс орындарын жою және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында кешенді шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2026
Жаңалықтар

Жыл басынан бері қала аумағында 19 стихиялық қоқыс орны жойылған. Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» геопорталында Қонаев аумағында қоқыс үйінділері тіркелмеген. Соған қарамастан, қалада анықталған өзге де заңсыз қоқыс орындарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Бұл жұмыстарды «Жасыл қала Қонаев» мекемесі жүргізіп жатыр. Тазалық шараларына 30-ға жуық қызметкер мен 4 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындарға тазалық сақтау және қаланы абаттандыру талаптары түсіндіріліп, заң бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Мәселен, тамыз айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 149 адамға ескерту берілді. Бір жеке тұлғаға 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал ӘҚБтК-нің 434-2-бабында көзделген ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 64 875 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Қонаев қаласының әкімдігі тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастауға, қоршаған ортаны ластамауға және қала тазалығын сақтауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz