Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылуда

Қонаев қаласында жылдық жоспар аясында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Қазіргі таңда 10 тұрғын үйдің шатыры толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда. Сонымен қатар, тағы 3 үйде су ағар жүйелерін жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұдан бөлек, 10-нан астам тұрғын үйдің қасбетін сырлау жоспарланған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әсіресе, тозығы жеткен шатырларды жаңарту қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Қонаев қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мадияр Зәкеров аталған жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.

«Негізгі мақсат – қала келбетін жақсартып, ескі шатырларды кезең-кезеңімен жаңарту. Өтінімдер пәтер иелері кооперативтері арқылы қабылданып, жоспарға енгізілген», – деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы қалада 15 тұрғын үйдің шатыры жаңартылып, тағы 15 үйдің қасбеті сырланған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz