Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев қаласының тазалығына жауап беретін жалғыз компания жұмысын тоқтатты

Мұны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

12.09.2022
Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Мемлекеттік сатып алудың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 2016 жылдан бері қала бойынша қоқыс шығарумен «Қапшағай АТО» ЖШС айналысады.

Қалалық ТҮКШ мамандарының айтуынша, аталған компания контейнерлер мен техниканы жаңартуға байланысты талаптарды орындай алмады. Осы себептен серіктестік 12 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді бұл қызметті қаладағы «Kaz Alatau Service» ЖШС көрсететін болады.

«Біз 18, 19, 20, «Рауан», «Спутник», «Ивушка», «АТК», «МО-25», «Лесозавод» ш/а-дағы және Қойшыманов, Степная, Железнодорожная көшелерінің тұрмыстық қатты қалдықтарын шығаратын боламыз», — дейді серіктестік басшысы Рүстем Қасымханов.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тұрғындар аулалардың ластануына шағымданды.

Қаладағы 19 шағын аудан
Қаладағы 19 шағын аудан

«Осыдан 3-4 күн бұрын 19 ш/а-дағы қоқыс контейнерлерін алып кетті. Енді есік алдында тұрмыстық қалдықтар үйіліп қалды. Мәселе қашан шешіледі?», — деп жазды Наталия есімді тұрғын.

Рүстем Қасымханов тұрғындардың шағымын ескере отырып, компанияның жұмысқа кірісіп кеткенін айтты.

«Ең бірінші қоқыс көп төгілген жерлерге контейнер қойып, сол аумақтарды тазалаймыз. Қазіргі таңда шағын аудандардың тізіміне сәйкес қоқыс шығару кестесі бекітіліп жатыр. Барлық сұрақтар бойынша 1 ш/а, 3 а үйіндегі серіктестік кеңсесіне жолығуға болады», — деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, алдағы уақытта қаланың басқа аудандарындағы қоқысты шығару қызметі және төлем тарифі туралы кеңінен жазатын боламыз.

Тегтер: ЖСШҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz