Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында ұйытқып соққан жел көпқабатты үйдің шатырын ұшырып кетті

Ұйытқып соққан жел Қонаев қаласы 2 шағын аудандағы көпқабатты үйдің бірінің шатырын ұшырып әкетті. Аталған жағдай 5 қаңтар күні таңғы сағат 9.00 мен 10.00 арасында орын алды.

05.01.2023
Аймақ, Жаңалықтар

Тұрғындардың айтуынша, үйдің ең жоғарғы 4-қабатында орналасқан пәтерлер бірден суып кеткен. Олар жергілікті әкімдіктен бұл мәселені тез арада шешіп беруін сұрады.

«Қазіргі таңда жергілікті Төтенше жағдай бөлімімен бірлесе отырып, арнайы комиссия құрылды. Жел тоқтаған соң кондоминиум негізінде шатыр қалпына келтіріледі. Ең алдымен үйдің шатырына толық зерттеу жүргізіледі», — деді қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.

Сонымен қатар ауа райының бұзылуынан шаһарда бірнеше бизнес нысандарының қоршаулары құлап қалды. Бұл жерді кәсіпкерлер өз ақшасына жөндетеді.

Жергілікті ТҮКШ бөлімінің басшысы желдің әсерінен 8 және 10 шағын аудандарда жарық мәселесі туындап отырғанын айтты.

«Ауа райының қолайсыздығынан трансформаторлы қосалқы стансаларға шамадан артық қысым келіп, тұрғындардың үйінде жарық өшіп қалып жатыр. 15 қаңтардан бастап бұл аудандарға 400 кВА қуатты трансформаторлар қойыла бастайды», — деді Дархан Қарағонысов.

Айта кетейік, Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, бүгін қаладағы желдің жылдамдығы — 15 м/сек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыауа райыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz