Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев қаласы тұрғындары Дінмұхамед Қонаевты еске алу күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырды

Биыл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл. Ол осыдан 29 жыл бұрын дүние салды. Атаулы күнге орай Алматы облысы орталығында Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 орта мектепте нар тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Alataunews.kz

Alataunews.kz

Жиналған жұртшылықтың көбі — қарттар, Дінмұхамед Қонаевтың көзін көргендер. Қоғамдық өмірге етене араласатын жастар да іс-шарада бой көрсетті.

Өресі биік өр тұлғаның қалдырған өшпес ізі туралы Қонаев қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев сөз алып, естеліктермен бөлісті.

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырда өзінің үлкен мәдениеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді», — деді Амангелді Беспаев өз сөзінде.

Жиында марқұмның рухына Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар тұрғындар аталған мектепте орналасқан Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен шығармашылық жолы жайлы экспонаттар жиналған көрмені аралауға барды.

Alataunews.kz

1 of 6
- +
Тегтер: Дінмұхамед Қонаевеске алу

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz