Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жыл басынан бері Қазақстанда 15 млн алаяқтық қоңырау анықталған

Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр.

02.06.2023
Қоғам

Елімізде жыл басынан бері 15 млн алаяқтық қоңырау анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ксеll», «КаР-Тел», «Altel» және «Теle2» ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктірген.

«Нәтижесінде, өткен жылы 6 айда 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, жыл басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады. Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Былтыр елімізде интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.

«Өткен жылы желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендеген», – делінген хабарламада.

Тегтер: алаяқтықҚазақстанқоңырау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz