Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Яндекс таксистер мен Glovo курьерлеріне жаңа статус беріледі

Елімізде «тәуелсіз жұмыскер» деген санат пайда болады

29.06.2023
Қоғам

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды alataunews.kz

«Мұндай қызметкерлердің жұмысы онлайн платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқарылса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, «Яндекс» онлайн платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі. Онлайн-платформа операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады. Бұл ретте тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер секілді республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы болады», — деді вице-министр.

Оның сөзінше, енгізілген режимдер қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейді және оларға қосымша қаржылық жүктеме артпайды.

Тегтер: Glovo курьержаңа статусЯндекс-такси

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz